Kurultai banner mobile

СҚО әкімдігі

Конституцияны қолдау экспедициясы Бескөл ауылының тұрғындарымен кездесті

Қызылжар ауданының орталық кітапханасында жаңа Конституцияны қолдауға бағытталған арнайы экспедиция мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында Ата заңдағы ең маңызды өзгерістер айтылды. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және жастар қатысты.

БОЛАТ БАЗАРБАЕВ, “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары:

— Біздің арнайы спикерлер аудан тұрғындарына жаңа Конституция бойынша толық ақпарат ұсынады. Сұрақтарға жауап береді. Іс-шара этномәдени бірлестіктер мен “Қоғамдық келісім” мекемесінің ұйытқы болуымен жүзеге асып жатыр. Бүгін алғаш рет Қызылжар ауданында кездесу өткізіп отырмыз. Алдағы уақытта дәл осындай іс-шара М.Жұмабаев ауданының орталығында да өткізіледі.

Халықтық Конституцияны қолдауға бағытталған арнайы экспедиция мүшелерінің қатарында Гүлбақша Мұсабаева да бар. Заң ғылымдары кандидатының сөзінше, жаңа Ата заңда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше мән берілген.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, заң ғылымдарының кандидаты:

— Жаңа Конституция 96 бап 11 тараудан тұрады. Оның ерекшелігі және 95-ші жылғы Конституциядан ерекшелігі – “Адам” деген сөзді біз 48 рет қолданамыз. Бұрынғы Конституцияда бұл сөз 27 рет жазылған еді.

Сондай-ақ, кездесу барысында жаңа өзгерістердің қоғам өміріне оң әсері түсіндірілді. Оның барысында тұрғындар ашық пікір алмасты.

Ұлан Ыдырыс