Kurultai banner mobile

Ауыл шаруашылығы

Есіл ауданында шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

ЖАННҰР БЕКТҰРҒАНОВА, тілші:

— Есіл ауданында шөп шабу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Біз қазір “Бай Еңбек” серіктестігінің шабындығында тұрмыз. Мал азығы жақсы шыққан. Бұны уақытында шауып, жинап алу – жауапты міндет.

Шаруалар үшін бұл – жылдағы ең жауапты кезең. Мал азығының қысқы қорын қамдауға кіріскен шаруашылық басшысы биылғы маусымның ерекшелігі мен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

ҚАЙЫРБЕК ҚОЖАСОВ, “Бай Еңбек” ЖШС басшысы, Есіл ауданы:

— Былтырғы жылы өнім оңды болды. Биыл Есіл тасыған жоқ, жаңбыр уақытында жауған жоқ, қыста қар аздау болды”, 01:08-01:20 “Бірақ оған қарамастан бәрін қамтамасыз етуге тырыстық. Ағаштың бауырларын, Есілдің маңайын, сай-сала, өзендердің маңайын шауып жатырмыз. Екі-үш күнде шөп науқаны аяқталады деп жоспарлап отырмыз.

Барлығы – 200 гектар аумақ орылады. Әр гектарына шамамен 20 центнерден шығады. Жиналған 400 тонна мал азығы ауыл тұрғындарына тегін үлестіріледі. Ал Бірлікте бүгінде 50-ге жуық үй түтін түтетіп отыр. Адам азығы – бидайды, мал – азығы шөпті жинауда күні-түні тер төгетін еңбек адамдарының бірі – Самат Ибраев.
Білікті механизатор осы жерде туып-өскен. Қазір ел қамы үшін еңбек етіп жүргеніне 40 жылдан асыпты.

САМАТ ИБРАЕВ, “Бай Еңбек” ЖШС жұмысшысы, Есіл ауданы:

— Бастағанымызға бір жұма болды. Оған дейін жаңбыр жібермеді. Жұмыс ақырын жүріп жатыр. Қолайсыз күндері болып тұрады. Бірақ бәрі жақсы.

Жалпы, Есіл ауданы бойынша бүгінде 51 мың тонна шөп шабылды. Бұл жоспарланған көлемнің 85%-ын құрайды.