Kurultai banner mobile

Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ауылы ардақтаған азамат

Ғабит Мүсірепов ауданындағы Ковыльное ауылына мына үйлер ерекше сән беріп тұр. Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті “Ақселеу” серіктестігінің басшысы, «Құрмет» орденінің иегері Серік Малаев 21 баспана тұрғызды. Тартымды әрі су кіргізілген тұрғынжайлардың 16-сы қоныс аударушыларға тапсырылды. Бірінде күнгейден көшіп келген Мараймовтар отбасы тату-тәтті тұрып жатыр.

ИНДИРА МАРАЙМОВА, Ковыльное ауылының тұрғыны, Ғ. Мүсірепов ауданы:

— 4 жыл бұрын көшіп келдік. Күйеуім осы жерде жұмыс істейді. Өзім бала күтімі бойынша демалыстамын. Жағдайымыз өте жақсы.

Ауылы ардақтаған азамат – ауыл шаруашылы саласының білікті маманы. Алқабында дақылдардың түр-түрі өседі. Кәсіпорынды жаңғырту, техникалық паркті жаңарту жұмыстары да оң жолға қойылған. Соның арқасында қоңыр күзде көл-көсір астық қабылданады.

СЕРІК МАЛАЕВ, “Ақселеу” ЖШС директоры, Ғ. Мүсірепов ауданы:

— Алқаптан келген дақылдардың барлығын осы жерде қабылдаймыз. Ылғалы болса кептіреміз. 20 мың тонна астықты сақтай аламыз.

2026 жыл – «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы». Осыған байланысты «Ақселеу» серіктестігінде ауқымды жұмыс атқарылды. Агроқұрылымның аумағында күнделікті істі жеңілдететін заманауи бейнебақылау жүйесі орнатылды.

ҚЫРМЫЗЫ ШӘМЕКЕШОВА, “Ақселеу” ЖШС бас диспетчері, Ғ. Мүсірепов ауданы:

— Это наша Казахстанская программа. Это произвели наши ребята с Астаны. Учётная программа охватывает практически весь сельхозгод: начиная с планирования агроплана, заканчивая нашим конечным результатом.

Марина Зубова – серіктестікте еңбек ететін нәзікжандының бірі. Оның міндеті – келген көлікті, әкелінген астықты тіркеу және өлшеу. Азаматша егіс жұмыстары кезінде 20-дан астам жүк көлігін қабылдайды екен.

МАРИНА ЗУБОВА, “Ақселеу” ЖШС таразышысы, Ғ. Мүсірепов ауданы:

— Біздің жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады. Мен көлікті қабылдаймын, астықты өлшеймін. Бұл іс автоматты түрде атқарылады. Осы кезде диспетчермен хабар алмасамыз. Ол көліктің қандай алқаптан келгенін айтады. Ал зертханашы өнімді қандай алаңға жеткізу керектігін хабарлайды.

Астықты қабылдаудан басқа, тоқтағы мамандар сұйық тыңайтқыштар мен химиялық ерітінділерді дайындайды. Арнайы техника оларды далаға жеткізеді. Әзірленген өнім астықтың бітік шығуына мүмкіндік береді.

 СЕРІК МАЛАЕВ, “Ақселеу” ЖШС директоры, Ғ. Мүсірепов ауданы:

— Біз осы жұмыс тәртібін енгізудің нәтижесінде тұрып қалу уақытын қысқарттық. Тыңайтқыштар бірнеше минуттың ішінде құйылады. Мамандар бірден алқапқа кіреді. Егер танаптарға шашылатын сұйықтықты өзге жақтан алсақ, оны жеткізу кезінде қиындықтарға тап болсақ, бағалы уақытты жоғалтамыз.

Ауылдың ажарын келтірген азаматтың арманы – елді мекенді әрмен қарай дамыту. Білікті басшы халықтың алғысын алу – ерекше құрмет деп біледі.

 

Байболат Құлтанов