Петропавлда қоғамды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын акиця өтті. Кезекті шара “Деннің сау болуы – сәнде” деп аталды. Оған кез келген адам қатыса алды. Қуантарлық жайт – жастардың белсенділігі. Достық үйінің алдынан өткен ұлдар да, қыздар да тапсырмаларды орындады. Мүмкіндіктерін сынаған қатысушылар құр қол кетпейді. Олар естелік сыйлықтар алады, жеміс-жидектен дәм татты. Бір сөзбен айтсақ, арқа-жарқа болады.
БИБІГҮЛ СҰЛТАНОВА, облыстық жастар ресурстық орталығының консультант-сарапшысы:
— Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.
Сонымен қатар, қатысушылардың бір бөлігі денсаулық сақтау, дене шынықтыру салаларына қатысты сауалдарға берді. Бұл жерде медицина қызметкерлері де төбе көрсетті. Олар ниет танытушылардың салмағын, дене қызуын өлшеді.

