Жүлдеге бір қадам жетпеді! Петропавлда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті қызметкерлері арасында волейболдан бастау алған республикалық турнир мәресіне жетті. Жарыс еліміздің әр аймағынан келген 14 команданы біріктірді. Сайыстың қорытындысына келсек, чемпион – қостанайлық қызметкерлер. Екінші орынға батысқазақстандық мамандар табан тіресе, үздік үштікті Алматы облысының құрамасы түйіндеді. Ал өңіріміздің намысын қорғаған ұжым төртінші сатыдан көрінді.

