Қазіргі күні “Qyzyljar ECO PARK” құрылысының бірінші кезеңі аяқталуға жақын.
Айта кетейік, аталмыш ауқымды жобаның орташа құны – шамамен 4 млрд теңге. Аумағы 41 гектарды құрайды. Бүгінде мұнда триатлон аймағы, ыңғайлы веложолақтар мен жүгіру жолдары, сондай-ақ заманауи workout-алаңдары бой көтерген. Бұдан бөлек көлдің экожүйесін сақтау мақсатында төңірекке 500-ден астам жасыл желек отырғызылған.
БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
— Қазіргі күні мұнда орман аймағына дейінгі велосипед және жүгіру жолақтарымен қатар, жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүріп жатыр.

