Петропавлда саркома ауруы жайында ақпараттандыруға арналған ашық есік күні өтеді. Саркома – сүйек, бұлшықет, май, шеміршек және қан тамырлары секілді дәнекер тіндерден дамитын қатерлі ісіктің сирек кездесетін түрі. 18 шілде күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін тұрғындар онколог дәрігердің қабылдауына қатысып, білікті маманның кеңесін алып, профилактикалық тексеруден өте алады. Іс-шара Интернационал көшесі, 90А мекенжайында ұйымдастырылады. Мамандар дертті ерте анықтап, оның алдын алу жолдарын талқылайтын болады. Сондай-ақ, дәрігерлер қала тұрғындарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

