Елдің саяси өміріне әрдайым өзгеріс керек, жаңашылдық болмаса, даму жолында қиындықтар кездеседі. Бұл – қалалық мәслихат депутаты, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры Ләззат Жұмағұлованың пікірі. Талай жылын білім саласына арнаған ұстаз жүйедегі ауысым билікті қанаттандырады, тың белестерге ынталандырады деген ойда. Сонымен қатар, азаматша Құрылтайдың құрамы озық ойлайтын, жаһандану дәуіріне сай, еңбекқор халық қалаулыларынан тұрарына сенеді.
ЛӘЗЗАТ ЖҰМАҒҰЛОВА, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры:
— Мен үшін Құрылтай – әр адамның пікіріне құрметпен қарайтын, ортақ жауапкершілікті арттыратын маңызды бастама. Осындай бастамалар еліміздің дамуына, жастардың саналы әрі білімді болып өсуіне жол алады. Бәріміз еңбек етсек, әділетті әрі қуатты Қазақстанды бірге құрамыз деп сенемін.

