Kurultai banner mobile

Қоғам

“Құқықтық дәріхана”: петропавлдықтарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Петропавл қаласында және облыстың 13 ауданында “Заң және тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру аясында “Құқықтық дәріхана” атты акция өтті. Мазалаған мәселесімен жүгінген еріктілердің қарасы қалың. Ашық қабылдау барысында прокуратура қызметкерлері азаматтарға алимент өндіру, мұрагерлікті рәсімдеу, әлеуметтік төлемдер, сот актілерін орындау, сонымен қатар көлік заңнамасы мәселелері жайында кеңес берді. Мамандар әр өтінішке жеке тоқталып, заң талаптарын түсіндірді. Құқықтарды қорғаудың тетіктері мен мәселелерді шешудің нақты жолдарын ұсынды. Мәселен, Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғынына аудандық Мансап орталығы арқылы жұмысқа орналасу жөнінде көмек көрсетілді. Тайыншалық азаматқа Рақымшылық туралы заңның негізгі талаптары түсіндіріліп, оны қолдану тәртібі мен жаза мерзімін қысқарту мәселелері бойынша құқықтық кеңес берілді. Жыл басынан бері облыс прокуратурасы барлығы 26 акция өткізген.