Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті талапты талапкерлерді білім алуға шақырады. Қазір қара шаңырақ қабырғасында болашақ студенттерді қабылдау комиссиясы қызу жұмыс істеп жатыр. Грант конкурсына өтінімдер шілденің 13-ші жұлдызынан бастап түсуде. Маңызды науқан алдағы дүйсенбі күні аяқталады.
АЙГҮЛ НҰРПЕЙІСОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі:
— Қысқа мерзімнің ішінде біздің комиссия үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді. Құжатты 2 тәсілмен тапсыруға болады: онлайн және офлайн.
Университет 130 білім беру бағдарламасы бойынша маман дайындайды. Грант жеткілікті. Ұлттық бірыңғай тестілеуде орташа деңгейде ұпай жинаған қыз-жігіттердің өзі тегін оқу мүмкіндігіне ие болуы ықтимал.
ГҮЛМИРА ОСПАНОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ қабылдау және рекрутинг кеңсесінің жетекшісі:
— Техникалық, IT мамандықтарды алайық, бұл бағытты таңдағандардың құжаттарын қабылдап, 50 ұпай де грант конкурсына қатыстырып жатырмыз. Бұл тамаша мүмкіндік.
Аризона университетімен арадағы серіктестік жемісін береді бастады. Осы орай жастардың құлағына алтын сырға! Биыл жаңа мамандық пайда болды, тегін білім алуға да мүмкіндік жоғары.
ӘСЕТ ЖАНЫСОВ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ Халықаралық кампусының атқарушы директоры:
— Биыл “Бизнес және менеджмент” деген жаңа оқу бағдарламасын қостық. Бұл мамандыққа грант бөліне қоймайды. Еліміздің қай университетіне барсаңыздар да осыған көз жеткізесіздер.
Қуантарлық тағы бір жайт – жалынды жастардың сенімді ақтауы. Жақында ғана құрметті қонақтардың қолынан диплом алған түлектердің арасында жоқтан бар жасағандар да жетерлік.
ӘСЕТ ЖАНЫСОВ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ Халықаралық кампусының атқарушы директоры:
— Кристина Борисова дейтін түлегіміз бар. “Биотехнология” мамандығы бойынша оқыды. Бастапқыда ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмендеу болды. 4 жыл оқыды. Жақында оны Аризона университеті магистратурада тегін оқуға шақырды.
Қозыбаев универсиетін таңдаған студенттерді “Қайда тұрамын?” деген сұрақ мазаламайды. Жатақаналар бар, орын жеткілікті.
АЙГҮЛ НҰРПЕЙІСОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі:
— Ең басты мәселе – жатақхананың болуы. Біз 2700-ден астам жатақхана орнына иелік етеміз.
Университет қызметкерлері ниет танытушы адамдармен байланыс орнатуға әрдайым дайын. Егер қосымша сұрақтар болса, қоңырау шалып, мамандармен тілдесуге болады.

