Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Есіл ауданында бухгалтерлер ақша ұрлаған

Есіл ауданында бухгалтерлер қазынадан ақша ұрлаған! Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы ұсынған дерекке сүйенсек, қылмысқа ауылдық округтердің әкімдіктерінде жұмыс істеген есепшілер барған. Жымқыру фактісі бюджеттік қаражатты заңсыз аудару, тиісті құжаттарға дұрыс емес мәліметтерді енгізу, сондай-ақ берілген өкілеттіктерді теріс пайдалану арқылы жүзеге асырылғаны анықталды. Жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды, онда сотталушылардың кінәлары толық дәлелденді.

— Сот айыптау үкімдерін шығарды, онда бухгалтерлер кінәлі деп танылып, жазаны өтеудің бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, шартты түрде бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзіміне сотталды. Сонымен қатар, сотталғандарға тиісінше 4 жыл және 5 жыл бухгалтерлік қызметпен байланысты материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды.

— Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы