Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар күн сайын облыс орталығындағы көшелер мен аулаларды және өзге де қоғамдық орындарды патрульдейді. Рейд барысында олар түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген балаларды анықтайды. Сонымен қатар, тұрмыстық жанжалдар орын алған және кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленіп жатқан отбасылар да тексеріледі. Мұндай әрбір шақырту кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді: полиция қызметкерлері олардың тұрмыс жағдайын зерделеп, ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізеді және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қабылдайды.
— Не забывайте: действующее законодательство РК предусматривает ответственность за неисполнение родительских прав. Поэтому нужно более щепетильно к этому относиться.
Петропавлда бір түннің ішінде 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның сегізінде жасөспірімдер түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүрген болса, тағы бір жағдайда ата-аналар баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамаған. Полицейлердің айтуынша, тұрақты рейдтер құқық бұзушылықтардың алдын алуға және «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясындағы жұмыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Жыл басынан бері тек Петропавл қаласының өзінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша 222 адам, ал 442-бабы бойынша тағы 459 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық жұмыс ерекше бақылауда және жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады.

