Шілденің 1-і күні «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң күшіне енді. Қазіргі таңда елімізде осы құжат аясында сотталғандар бостандыққа шығып жатыр. СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, өңірімізде рақымшылыққа 250 адам легеді. Тізімге енген тұлғалардың 100-і жазадан толық босатылады. Олардың басым бөлігі бір кездері ұрлық жасап, темір торға қамалыпты. Ал қалған 150-іне өзге де рақымшылық шаралары қарастырылмақ. Бүгінге дейін облыста 9 сотталғанға амнистия қолданылған. Айта кеткен жөн, қазір аймақтағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 1700-ден астам адам жазасын өтеуде.

