Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Петропавлда он жеті жастағы қыз полицейлерді сан соқтырмақ болды

Облыс орталығында кәмелетке толмағандарды жұмысқа тарту фактісі тіркелді. Ювеналдық полиция қызметкерлері Петропавлдағы дәмханаларды тексеру кезінде бірінде екі мектеп оқушысы мен колледж студентінің даяшылық қызмет атқарғанын анықтады. Мекеме иесі түнгі уақытта балалар еңбегін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал жиналған материалдар еңбек инспекциясына жолданды. Сонымен қатар, мамандардың көзіне түнде көше кезген тағы бір оқушы түсті. Тілдесу кезінде 17 жастағы қыз анасы өзін тастап кеткенін айтып, онымен байланыса алмайтынын алға тартқан. Алайда, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілгеннен кейін ол үйіне қоңырау шалып, өзін орталықтан алып кетуді өтінген. Белгілі болғандай, анасы бұған дейін де қызының түнгі уақытта қыдыруына жол беріпті. Жауапсыз азаматшаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.