Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Лицензиясы болмаса да алкоголь өнімдерін сатқан

Петропавлда лицензиясы жоқ дүкен иесі алкоголь өнімдерін сатып келген. Нұрсұлтан Назарбаев көшесі бойындағы сауда орнының қожайыны бұған дейін де бірнеше рет заң талаптарын бұзған. Ол ішімдікті түнгі уақытта және кәмелетке толмағандарға өткізген екен. Сол үшін тиісті рұқсатынан айрылыпты. Тексеру барысында полиция қызметкерлері дүкеннен жалпы көлемі 92,69 литр болатын ащы суды тәркіледі. Қазіргі уақытта заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша әкімшілік материалдар жиналып жатыр. Ал жыл басынан бері облыс орталығында алкоголь өнімдерін сату саласындағы заңнама талаптарын бұзудың 73 дерегі тіркелген.