Kurultai banner mobile

Қоғам

Климат мәселелері бойынша заңға қол қойылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің экологиялық әрі климат саясатын одан әрі жетілдіруге бағытталған іргелі заңға қол қойды. Су жаңа заң жаһандық экологиялық сын-қатерлерге қарсы тұруға бағытталған. Құжат халықаралық міндеттемелерге сәйкес келетін шараларды қамтиды. Оның ішінде нарықтық механизмдерді дамыту арқылы климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл жүргізу көзделген. Сонымен қатар, орман кодексіне де бірқатар толықтырулар қабылданды деп жазылды бейінді министрліктің сайтында. Енді елімізде Париж келісімі негізінде арнайы офсеттік жобалар мен механизмдер іске қосылады. Бұл – Қазақстанның парник газдарының шығарылуын азайту, орманды қалпына келтіру, зиянды қалдықтарды барынша азайту және табиғатты қорғауға бағытталған жобалар. Бұдан бөлек, құжаттың тағы бір маңызды тұсы – алғаш рет аймақ деңгейінде Ұлттық бейімделу жоспарлары әзірленетін болады. Бұл шаралар жергілікті билік органдарына табиғатқа төнетін қауіп-қатерлерді анықтап, оларды жою әрі бейімделу шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ел климаттың теріс әсеріне төтеп бере алатын болады. Қаблыданған заң елдің жасыл экономикасын нығайта түспек.