Шал ақын ауданында үш күн қатарынан “Ақ бидай – 2026” жазғы облыстық спартакиадасы өтті. Аталмыш додаға әдеттегідей өңіріміздің барлық аудандарынан келген 1 мыңға жуық спортшы қатысты. Олар спорттың 13 түрі бойынша сынға түсті. Жалпыкомандалық есептің қорытындысы бойынша 3-ші және 2-ші орынға Аққайың мен Қызылжар аудандары жайғасты. Командаларға тиісінше 500 және 700 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттар табысталды. Ал 1-ші орын және 1 млн теңге спартакиада жеңімпазы – Шал ақын ауданының қанжығасында кетті.

