Ер адам құрамында спирті бар дүниені 5 литрлік ыдыстар мен жарты литрлік бөтелкелерге құйып қойған. Ал Бостандық көшесінде орналасқан гаражды жалға алған. Аталған деректі полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шара барысында анықтады. Алкоголь өнімі тәркіленіп, оның құрамын және адам өмірі мен денсаулығына төндіруі мүмкін қауіптілік деңгейін анықтау үшін сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша ер адамды заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі шешіледі.

