Александр Винокуров спорт сарайында “Денсаулық аумағы” атты спорттық іс-шара өтті. Бастама “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығы өкілдерінің айтуынша, мақсат – жастардың салауатты өмір салтын насихаттау. Зиянды әдеттен ада, спортқа жақын жас – елдің ертеңі. Іс-шара қатысушыларына эстафеталар мен тақырыптық тапсырмалардан құралған арнайы бағдарлама әзірленген. Өзара үш командаға бөлінген жастардың жылдамдықтары, ептіліктері мен ұйымшылдықтары сыналды.
ӘМІРХАН АМАНЖОЛ, қатысушы:
— Есірткі жамандыққа әкеледі. Қазіргі таңда жастар сол жаман жолға түсіп, жұмыс жасап, ақша табады, ал кейбіреулері жай бастап көреді, содан кейін түрмеге түседі. Сондықтан да біз спортпен шұғылданып, жақсы істермен айналысуымыз қажет. Есірткі адамға жаман әсер етеді.

