Kurultai banner mobile

Қоғам

Теріскейде үздік ауылдық мәдениет мекемесі анықталды

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі – 2026» облыстық көркемөнерпаздар байқауының қорытынды гала-концерті өтті. 3-ші жыл қатарынан өтіп отырған іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Байқаудың қорытынды кезеңінде облыстың барлық ауданынан келген өнер ұжымдары өздерінің үздік концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Гала-концерт барысында қатысушылар өзге мәдениеттің тарихынан сыр шертетін музыкалық туындыларды орындады.

Барлық қатысушы өз бағдарламарын ұсынып, өнерлерін паш еткеннен кейін кезек жеңімпаздарды анықтауға келді. Оның қорытындысы бойынша 3-ші және 2-ші орынды Тайынша, Ғ.Мүсірепов аудандары жеңіп алды. Ал 1-ші орын Айыртау ауданынынң қанжығасында кетті.

Байқаудың бас жүлдесі, яғни темір тұлпар көлігінің кілтін жеңіп алған Мәдениет үйін хабарлау үшін сахна ортасына аймақ жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов шықты. Өңір басшысы ең алдымен барша облыс тұрғындарын қала күнімен құттықтады. Бұдан соң Ғауез Торсанұлы жеңімпазды хабарлады. Бас жүлдені М.Жұмабаев ауданының Мәдениет үйі жеңіп алды.