Kurultai banner mobile

СҚО әкімдігі

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ: “Құрылтай – жаңа Қазақтан құру жолындағы маңызды қадам”

Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваевтың сөзінше, Құрылтай – жаңа Қазақтан құру жолындағы маңызды қадам. Қазіргі күні бірпалаталы парламент үлгісі әлемдегі 100-ден аса мемлекетте бар. Ал Орталық Азияда мұндай жүйе тек Қырғызстан мен Түркіменстан елдерінде негізге алынған.

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

— 23-ші тамыз күні Құрылтай мүшелерін сайлайтын боламыз. Заң шығарушы органға 145 депутат кірмек. Қазіргі күні барлық 7 саяси партия сайлауалды бағдарламаларын әзірледі. Менің ойымша, Құрылтай жаңа Қазақстан құруға ықпал етеді. Ол қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып, ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылайтын маңызды алаңға айналады. Бұл үшін сайлау кезінде барлығымыз белсенді болуымыз қажет.