Қазақстанда алғаш рет “ҚыздарНет” сайты арқылы жеңгетайлықпен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді. СҚО полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген тергеу нәтижесінде қылмыстық әлеуметтік желінің жұмысы толық анықталды. Арнайы операция барысында алты күдікті ұсталып, олардың заңсыз әркеттерге қатысы бары анықталды. Оған дәлел – табылған айғақтар. Сот шешімі бойынша ұйымдастырушы – 10 жылға, ал негізгі қатысушылардың 5-еуінің әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Аталмыш қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда. Сайт қызметіне қатысы бар тағы бір қыз Грузияда ұсталды, қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялауға дайындық жүргізілуде. Жедел уәкілдер, тергеушілер мен криминалистер қылмыстық схеманың барлық қатысушыларын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

