Kurultai banner mobile

Қоғам

СҚО-да дәмхана иесі алкоголь өнімдерін сатуға берілген лицензиясынан өмір бойына айырылды

М.Жұмабаев ауданында дәмхана иесі алкоголь өнімдерінің айналымына қатысты заңнаманы қайта бұзғаны үшін өмір бойына лицензиядан айырылды. Сондай-ақ, оған ірі көлемде айыппұл салынған. Заңға бағынбағандықтан опық жеген кәсіпкер ақыры бизнесін сатып жіберуге мәжбүр болған. Жыл басынан бері аталған ауданда 8 қоғамдық тамақтану орнында алкоголь өнімдерін түнгі уақытта немесе 21 жасқа толмаған адамдарға сату фактілері анықталды. Осыған байланысты оларға берілген тиісті лицензияның қолданылуы бір ай мерзімге тоқтатылды. Жалпы, М.Жұмабаев ауданында қаңтар айынан бері мас күйде жасалған 11 қылмыс тіркелген. Үй жағдайында немесе лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатудың 12 фактісі әшкереленген. Заңсыз айналымнан 200 литрден астам ішімдік тәркіленді. Маскүнемдіктен мәжбүрлі емделуге 8 адам жіберілді.