Kurultai banner mobile

Қоғам

Петропавлда ветеринария саласының мамандары марапатталды

Петропавлда Ветеринарлық қызметкерлер мен Мал шаруашылығы мамандары күні аталып өтілді. Салтанатты жиында өңірдің түкпір-түкпірінен келген сала ардагерлері мен жас мамандарды облыс әкімінің атынан орынбасары Қанат Дүзелбаев құттықтады.

ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

— Бүгінде мал шаруашылығы – Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі стратегиялық салалардың бірі әрі ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына серпін беретін бағыттардың қатарында”, 04:22-04:39 “Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, амандық, кәсіби қызметтеріңізге жетістіктер, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Елімізде тыныштық және жарқын болашаққа деген нық сенім тілеймін! Мерекелеріңізбен!

Салада ұзақ жыл бойы еңбек етіп, өз ісінің нағыз шебері атанған жандардың бірі – Болат Мақажанов. Маман Тайынша ауданындағы Тихоокеан ауылдық округінде 43 жыл еңбек еткен. Әлі де тер төгіп жүр. Жуырда елордада вице-министрдің қолынан арнайы “Еңбек ардагері” медалін алыпты.

БОЛАТ МАҚАЖАНОВ, сала ардагері:

— 1983 жылдан бері ветеринарлық дәрігер болып жұмыс істеймін. Зейнетке шыққалы 3 жыл болды”, 01:28-01:56 “Мерекеміз бұрын осылай атап өтілмеген болатын. Қазір құрмет білдіріп, салтанатты түрде марапаттайды. Соған алғысымды айтамын.

Марапатқа ие болған мамандардың тағы бірі – Бибігүл Құлтанова. “Астық STEM” кәсіпорнына 2 жыл бұрын қызметке тұрса да атқаратын жұмыс көлемі ауқымды әрі бұған дейін құс фабрикасында тер төгіпті. Айтуынша, әр жұмыстың өзіндік қиындығы мен қызығы бар. Кәсіпорында сиыр сауу процесі толығымен автоматтандырылса да жіті бақылау қажет. Өйткені, сапа – алдыңғы орында.

БИБІГҮЛ ҚҰЛТАНОВА, “Астық STEM” ЖШС машиналық сауу операторы, Тайынша ауданы:

— Біздің кәсіпорында 400-ге тарта қара мал бар. Соның жартысынан астамын күніне 2 реттен сауу қажет. Шамамен бір күнде 8 жарым мың литр сүт жинаймыз. Көрсеткіштің бәрі жүйеге тіркеледі. Еңбегімің бағасы ретінде облыс әкімінің Құрмет грамотасын алдым. Аса қуаныштымын.

Владимир Геных та “Астық STEM”-де еңбек етеді. Оның жұмысы тіпті ауыр.
Малдың күндегі қамы – осы азаматтың мойнында. Таң атқаннан кешке дейін бағады, жайлайды. Еңбек адамы 20 жылға жуық бір жерде тер төгіп келеді. Орасан еңбегі облыс әкімінің Құрмет грамотасымен атап өтілді.

ВЛАДИМИР ГЕНЫХ, “Астық STEM” ЖШС малшысы, Тайынша ауданы:

— Малдың бабын білеміз. Оның қыр-сырын тануды әкемнен үйрендім. Мен үйдің ортаншысымын. Отбасымыз үлкен болғандықтан жұмысқа ерте араластым. Еңбегімнің жемісін көріп жатырмын.

Салтанатты шара қорытындысы бойынша 36 маманға мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табысталды. 7 қызметкер ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды. Ал 17 маман облысы әкімінің марапатын алды.

Жаннұр Бектұрғанова