Петропавлдың орталық алаңында “Көрпеше үстіндегі ертегілер” жобасы аясында ашық аспан астында кино көрсетілімі өтті. Оның барысында балалар ата-аналарымен бірге көрпешелерге жайғасып, отандық мультфильмдерді тамашалады. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі кештің ерекше атмосферасын айшықтай түсті. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай шаралар жанұя мүшелерін жақындастырып қана қоймай, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

