Ауқымды музыкалық фестивальдің төртінші күні жарқын әрі ерекше көңіл күйде өтті. Сахна төрінде лайв-бэндтердің орындауындағы халық әндері мен әлемдік хиттер шырқалды. Көрермен әуезді әндерді тыңдап, би билеп, өнерпаздарға қолдау көрсетті.
ТИМУР АЙТҚОЖИН, кеш жүргізушісі:
— Осы іс-шараны мәдениет басқармасы ұйымдастырып отыр және облыс әкімдігіне үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Бүгін – эстрада күні. Қаламыздың ең танымал топтары, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әншілері қатысып жатыр.
Сонымен қатар, кеште Asia sound, Riders, Badmans сынды топтар өнер көрсетті. Жанды дауыста шырқалған танымал туындылар қала тұрғындарына ерекше әсер қалдырды.
— Кеш жақсы деңгейде өтіп, маған бәрі ұнап жатыр. Осындай кештер жиі болып тұрса екен.
— Маған бәрі ұнап жатыр, кеше де осы фестивальге келген болатынмын. Қөңіл-күйім көтеріңкі.
Бейсенбінің кеші – классикалық туындыларға арналады. Ал жұма – фестивальдің жабылуы. Ұйымдастырушылар осы орайда есте қаларлық бағдарлама әзірленді деп сендірді.
Аружан Сұлтанова

