2-ші қабаттан құлаған сәби жедел жәрдеммен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына түнгі 3:00-те жеткізілген. Фельдшерлік бригада балаға медициналық көмекті көлік ішінде көрсете бастаған. Емдеу орнына жеткізілісімен жеткіншектің қандай жарақат алғаны нақтыланады. Ол жабық бас-ми жарақатын алған. Миы шайқалып, ерні жырылып, сол жақ жамбасы сынған деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Дәрігерлер балаға шұғыл операция жасаған. Қазір кішкентай науқастың жағдайы орташа деңгейде тұрақты деп бағалануда. Бала – мамандардың жіті бақылауында.

