Қазақстанда Құрылтай құрылатын күн де жақындап келеді. Сенат пен Мәжілістің орнын басатын бұл саяси құрылымға 145 депутат кіреді. Иықтарына ауыр жүк артылатын халық қалаулыларын сайлау тамыздың 23-ші жұлдызына белгіленген. Ал партиялық тізімдерді тіркеу 23-ші шілдеде аяқталады. Осыдан кейін ресми сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысы басталады, ол жаздың соңғы айының 22-сіне дейін жалғасады. Ел тарихындағы маңызды сайлауға 7 саяси партия жіберілді.
ЛЕЙЛА БЕРІКОВА, «Ауыл» партиясы СҚОФ жанындағы «Ауыл жастары» жастар қанатының төрайымы:
— Бұл – қоғамдағы өзекті мәселенің бірі. Құрылтайдың құрылуы заңның тез қабылдануына әзер етеді.

