Kurultai banner mobile

Қоғам

Қазақстанда өңірлерді газбен қамту жеделдетіледі

Президенттің Парламент палаталарының бірлескен отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстанда өңірлерді газбен қамту жеделдетіледі. Халықты қамту деңгейі 2035 жылға қарай 80%-ға дейін жетпек. Бүгінде еліміздің газбен қамтылу деңгейі – 64,2%, табиғи газға 13,1 млн адам қол жеткізген. Биыл газ тасымалдау жүйесін дамыту 40 жоба аясында жалғасады, оның ішінде 7-еуі бұрыннан бар және 33-і – жаңа жоба. Еліміздің солтүстігін көгілдір отынмен қамтамасыз етудегі негізгі қадам – Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» ЖАҚ арасында «Есіл – Астана» магистральдық газ құбырын салу туралы меморандумға қол қойылуы деп жазылды энергетика министрлігінің сайтында. Жоба Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын газбен тұрақты жабдықтауға кепілдік береді, сондай-ақ еліміздің солтүстік өңірлеріне табиғи газ жеткізу бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік пайда болады.