Kurultai banner mobile

Қоғам

Беларусь аяқ киімдеріне жаппай жеңілдік жарияланды

Солүстікқазақстандықтарға құлаққағыс. Петропавлдағы беларустық киім мен Иваново тоқыма өнімдерінің жәрмеңкесі таяу арада жабылады. Осыған орай маусымның 21-іне дейін ауқымды сатылым жарияланды. Сауда орнындағы тауарлардың барлығы небәрі 10 мың теңгеден ұсынылып жатыр. Еске сала кетейік, сөрелерге жоғары сапалы жазғы, қысқы және маусымаралық аяқ киім үлгілері қойылған. Өнімдердің сапасына шүбә жоқ. Барлығы таза табиғи, созылғыш материалдан тігілген. Табаны су өткізбейтін арнайы гельден тұрады. Ортопедиялық ұлтарағы бар. Киюге өте ыңғайлы, аяқ ерекшелігіне қарай таңдап алуға болады. Ал Иваново тоқыма бұйымдарының арасында көптің назарын аударған тауар – төсек-орын жабдықтары. Көрпе-жастықтың тысы бөз, сатин мен поплиннен тігілген. Сапасы жоғары болып саналады, өйткені пішіні мен түсі жуғаннан кейін өзгермейді. Мұнда көрпе-жастық пен сүлгілердің де түрі-түрі бар. Матасы теріге жұмсақ және үтіктеуді қажет етпейді. Гипераллергендік матадан тігілген. Жәрмеңке Партизан көшесіндегі “Автомаркет” ғимаратының екінші қабатында орналасқан. Сауда орнына сағат таңғы 10:00-ден бастап кешкі 19:00-ге дейін келуге болады.