Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

СҚО-да 17 млн теңгенің интернет-алаяқтық фактісі бойынша 10 дроппер анықталды

«SIM-картаңыздың қолданылу мерзімі аяқталуға жақын. Оны әрі қарай пайдаланасыз ба? SMS арқылы келген кодты айтып жіберіңіз…». Солтүстікқазақстандықтардың көбі белгісіз нөмірден айтылған мұндай сөздерді талай рет естіді. Көпшілігі бірден тұтқаны қояды, өйткені интернет-алаяқтардың әңгімені дәл осылай бастайтынын біледі. Алайда, 24 жастағы петропавлдық сеніп қалған. SMS арқылы келген төрт таңбалы кодты айтқаннан кейін оған өздерін eGov қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар хабарласа бастаған. Ақыры қулардың құрығына түскен жігіт жалған қауіптен қорғану мақсатында отбасы мүшелерінің жиып-теріп қойған 17 млн теңгесін алаяқтарға аударып жіберген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер жәбірленуші ақша аударған есепшоттардың иелері болып табылатын 10 дропперді анықтады. Оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, жәбірленуші келтірілген материалдық шығынды азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен олардан өндіріп ала алады.