Kurultai banner mobile

Мәдениет

Петропавлда “Qyzylzhar Music Fest” халықаралық фестивалі бастау алды

Өткен демалыс күндері облыс орталығының бас алаңында биыл бесінші рет өткізіліп жатқан халықаралық “Qyzylzhar Music Fest” фестивалі салтанатты түрде өз шымылдығын түрді. Ауқымды жиын барша қала тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға тоғыстырды.

6 күн бойы жалғасатын фестивальде облыстың ең үздік шығармашылық ұжымдары мен еліміздің танымал әртістері өнер көрсетеді. Іс-шараның бірінші күнін белгілі “HASSAK” этнофольклорлық ансамблі ашты. Алматылық ұжымның сахнада 13 жылдық тәжірибесі бар. Ансамбль 35 аспап түрінде өнер көрсетеді. Фестивальде әртістер “Тарту”, “Аманат”, “Хассакнама” секілді танымал авторлық туындыларын орындады. Ұлттық аспаптардың үнін заманауи ырғақпен шебер үйлестірген ансамбль көрермен көңілін көтере түсті.

ДАРХАН ӘЛІМҒАЗЫ, “HASSAK” ансамблінің әртісі:

— Башра Петропавл қаласының тұрғындарына “HASSAK” тобының атынан жалынды сәлем! Осындай кешке бізге сеніп, ашып беруге мүмкіндік бергеніңіз үшін алғысымызды айтамыз. Біз жиі келіп тұрамыз Петропавлға. Осымен 4-5 рет келіп тұрмыз. Келген сайын бізді жылы қарсы алады. Халқы да өте керемет. Бұйырса бүгін де биік деңгейдегі кеш болады деп үміттенеміз.

Ауқымды іс-шараға жиналған жұрттың қарасы қалың.

Өнер көрсеткен әртістерге таңғалып отырмын! Бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Концерт ұнап жатыр. Домбырамен ойнаған әртістер ерекше ұнады. Осындай іс-шаралар көп болса екен дейміз.

Айта кету керек, фестиваль маусымның 11-іне дейін аралығында өткізіледі. Әр күнге өзіндік бағдарлама қарастырылыған.

Жаннұр Бектұрғанова