Kurultai banner mobile

Мәдениет

Дамбырашылар шеруі

“Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра” демекші, биыл облыс орталығында Домбыра күні ерекше ауқымды аталып өтілді. Конституция көшесін бойлай жүздеген домбырашы шерулетіп, қаланың қақ ортасы күй төгілген сазды мекенге айналды.

Шеруге өңірдің түкпір-түкпірінен арнайы келген өнерпаздар қатысты. Солардың бірі Айыртау ауданынан келген – Гүлнар Камалиева. Гүлнар Камалиева домбырамен 15 жыл айналысып келеді. Оның ішінде 11 жыл өз оқушыларынан құралған ансамблге жетекшілік етеді.

ГҮЛНӘР КАМАЛИЕВА, “Халықтық домбыра” ансамблінің жетекшісі, Айыртау ауданы:

— Біз Петропавлға Айыртау ауданынан келіп отырмыз. Бірлестік ауылы мектебінің оқушылары бар. Ансабмль болып келіп отырмыз. Шеруге атсалысықымыз келді”, 00:37-00:46 “Домбраны бала кезімнен жақсы көремін. Домбыра тарту қанымызда бар.

Орталық алаңда ине шаншар жер болмады. Тұрғындар мен қала қонақтары жүздеген домбырашының бір мезетте күй тартқанын сүйсіне тамашалады.

Бұл іс-шара өте маңызды деп ойлаймын. Бұл – біздің тарихымыз, мәдениетіміз. Жастарға аса пайдалы болады деген ойдамын. “Ерекше рух береді. Осындай іс-шаралар көп болсын деймін.

Өте жақсы, жоғары деңгейде ұйымдастырылыған. Қаншама солтүстік өңірдің домбырашыларын көріп, өнеріне тамсанып отырмыз. Домбыра күні құтты болсын! Ұлттық өнеріміз өркендей берсін!

Шеру соңы қаланың бас алаңындағы салтанатты жиын мен концертке ұласты. Мұнда өңірдің өнерпаз жастары марапатталып, оларға арнайы домбыралар мен алғыс хаттар табысталды.

Жаннұр Бектұрғанова