Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Ақмола облысының тұрғыны Петропавлда есірткімен ұсталды

37 жастағы ақмолалық Петропавлда есірткімен ұсталды. Келіншек интернет-дүкенде үш ай қатарынан наша сатушы болып жұмыс істеген көрінеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол есірткіні белгіленген жерге жеткізіп, клиент үшін жасырып отырған. Тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған 5 түйіншек табылыпты. Сараптама барысында табылған дүниенің салмағы 300 грамнан асатын α-PVP атты синтетикалық есірткі екені анықталды. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды. 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер, жалпы, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 7 келіден астам синтетикалық есірткі
тәркілеген.