Шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ. Петропавлда жастар мен ардагерлер зияткерлік ойын ойнап жарысты. Іс-шара
“Заң және тәртіп” қағидаты аясында ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Мақсат – ұрпақтар сабақтастығын сақтау. Бұндай іс-шараның пайдасы зор дейді үлкендер жағы. Өйткені, ойлау қабілетің дамиды, тапқырлығың ұшталады, жастарды қоғамда белсенді болуға баулиды. Облыстық ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі Сәуле Тахметова бүгін тоғызқұмалақты таңдапты. Айтуынша, әулеттерінде үстел ойындарын ойнау дәстүрге айналған.
СӘУЛЕ ТАХМЕТОВА, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы “Күміс еріктілер” тобының жетекшісі:
— Өзім математик болғандықтан, есептегенді ұнатамын. Тоғызқұмалақ – қызықты ойын. Немерелеріммен бос уақытымда осы ойынды жиі ойнаймыз.
Сайысқа жиналған жастар да өз әсерімен бөлісті. Спартакиадаға 50-ден астам қала тұрғыны қатысты. Сайыс соңында үздіктерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Жаннұр Бектұрғанова

