Мал ұрлаумен айналысқан төрт тайыншалықтың алдағы 5 жылдағы тағдыры белгілі болды. Бір айдың ішінде 20-дан астам қойды қолды қылған ұрылардың әрқайсысы 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, 20 мен 24 жас аралығындағы жігіттер сәуір айының басынан бастап аудан тұрғындарының қораларына түсіп, ұсақ малды қолды қылып отырған. Ұрланған қойлардың бір бөлігі сатып алушылардан табылып, заңды иелеріне қайтарылды.

