Konstitutsia banner mobile

СҚО әкімдігі

Сергей Худяков: “Енді біз жаңа қоғамда өмір сүреміз”

Қалалық пәтер иелері кооперативі қауымдастығының төрағасы Сергей Худяков күні кеше ғана күшіне енген Конституцияға қатысты пікір білдірді. Белсенді солтүстікқазақстандықтың ойынша, өзгертілген, толықтыру енгізілген заң азаматтардың мемлекеттік шешімдерді қабылдау кезінде рөлін күшейтеді. Мысалы, енді жерлесіміз тер төгіп жүрген салада басқару ашық бола түсті, шешім қабылдауға меншік иелері қатысады, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру ісі оң жолға қойылады. Бүгінде тұрғын үй заңнамасын бейімдеу жұмыстары да жалғасуда, ал басқарушы ұйымдар өз қызметін қолданыстағы заң талаптарына сәйкестендіруі тиіс.

СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, қалалық ПИК қауымдастығының төрағасы:

— Бұл – елдің саяси реформаларындағы заңды қадам. Саясатта – өзгеріс, мемлекеттік басқару ісінде – өзгеріс, адамдардың өмірінде – өзгеріс. Яғни, жаңа қоғамда өмір сүргелі отырмыз. Біз Конституция мәтіні талқыланған кезде азаматтарымызбен, сайлаушыларымызбен кездесулер өткіздік, заңның негізгі ережелерін, айырмашылықтарын түсіндірдік. Менің ойымша, біздің жұмысымыз жемісін берді. Бірлесе атқарған еңбектің арқасында ортақ шешімге келдік, Қазақстанды алға жетелейтін нық қадам жасадық.