Петропавлдың Тұңғыш Президент саябағында балалар мен жасөспірімдерге туристік кедергілер жолағынан өту бойынша ашық жаттығу ұйымдастырылды. Шараға 30-ға жуық мектеп оқушысы қатысты. Олар тапсырмаларды орындау арқылы шеберлік шыңдады.
АНАСТАСИЯ ХРУПИНА, қалалық балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыс орталығының педагогы:
— Біздің орталықта туризм бөлімі бар. Мамандар балаларға демалыс кезінде кездесетін кедергілерді жеңуге үйретеді. Суық мезгілдерде жаттығамыз, жиналған тәжірибені іс жүзінде сынап көру үшін жазда табиғат аясына шығамыз. Бүгін ашық жаттығу өтіп жатыр. Қазір ұл-қыздар ормандағы қиындықтарды еңсеруді меңгереді.
Орманда әртүрлі жағдай орын алуы мүмкін. Көктемде ағаш ішінде су тұрады, ойпаң жерлер де болады. Түсіп кетпеу үшін не істейміз? Әрине, айналып немесе секіріп өту, қолда арқан болса, соны пайдаға жарату жағын ойластырамыз. Міне, бүгінгідей ашық жаттығу осыны үйретеді.
ПОЛИНА ФОМИЧЕНКО, қатысушы:
— Мен осындай жаттығуға бірінші рет келіп тұрмын. Бізді мектептен жіберді, туризм бойынша ашық сабақ болатынын айтты. Маған іс-шара ұнап жатыр. Мұндағы мамандар ақпаратты жақсы түсіндіріп, керек жерде қолдап, көмектесуде. Осы бағытқа деген қызығушылығым оянды.
Қалалық балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыс орталығындағы туризм бөлімі қоршаған ортаға құмар ұл-қыздарды шақырады. Мамандар оларға қоршаған ортада қауіпсіз демалыс ұйымдастыру жайын түсіндіруге, үйретуге даяр.

