Петропавлда субұрқақта шомылған ер адам жазаланды. Жұрттың жағасын ұстатқан бұл жағдай шілденің 2-ші жұлдызына қараған түні болды. Ащы суға сылқия тойып алған тұрғын жалаңаш күйде орталық алаңдағы фонтанға түскен.
— Сидел в парке с друзьями, выпивал пиво. Потом дальше ничего не помню, как полез в фонтан.
Қырағы тәртіп сақшылары айлы түнде шомылған адамды бірден байқапты. Оның жеке басы бірден анықталды.
— В содеянном раскаиваюсь. Больше такого не повторится в жизни.
— Дети, жители г. Петропавловска там постоянно ходят, и так вести себя очень нехорошо. Поэтому вы будете привлечены к административной ответственности, в отношении вас суд примет решение.
Сот оған ерсі қылығы үшін 15 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Полицейлер әлеуметтік желі қолданушыларына үндеу жасайды: егер қылмыстың немесе құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыздар, тек бейнежазбаға түсірумен шектелмей, оқиға туралы дереу полицияға хабарлау керек.
СЕРІК ӘЛЖАНОВ, Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы:
— Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп пен мораль нормаларын бұзу болып табылады. Азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағыларды құрметтеуге және заң талаптары мен жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзатын әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз. Осындай фактілер анықталған жағдайда полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қолданатын болады.
Сондай-ақ, полицейлер айналасындағыларға құрметсіздік білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер үшін заңда 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, 20 сағаттан 60 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау түріндегі жаза көзделгенін еске салады.

