Анасы кәмелетке толмаған қызының алкогольдік ішімдік ішуіне жол берген – полицейлер оны түнгі дүкендердің бірінен анықтады. Тағы бір ата-ана түнгі уақытта баласының қайда жүргенін бақыламаған. Осындай құқық бұзушылықтар Петропавлда профилактикалық рейд барысында анықталды. Рейдтік іс-шараны полиция қызметкерлері мемлекеттік еңбек инспекторымен бірлесіп өткізді. Негізгі мақсат – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және балалар еңбегінің пайдаланылуына жол бермеу. Тәртіп сақшылары профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдерді, сондай-ақ әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған отбасыларды тексерді. Ерекше назар жастар көп жиналатын орындарға: саябақтарға, сауда үйлеріне, компьютерлік клубтарға және ойын-сауық орындарына аударылды.

