Петропавлда маскүнемдікке шалдыққан 1300-ден астам адам тұрады. Бұл есепке алынғаны ғана. Тізімге енген жандармен учаскелік полиция инспекторлары жиі жүздесіп, заңнама талаптарын түсіндіреді. Түсінбейтіндер емделуге жіберіледі. Бұлай жасамасқа болмайды. Ішімдікке құмар азаматтарға дер кезінде ауыздық салынбаса, қылмыс жасалуы мүмкін.
ҚЫМБАТ ҚАСЫМҒОЖИНА, Петропавл қалалық ПБ штабының бастығы:
— Ағымдағы жылы алкогольдік масаң күйде 182 қылмыстық құқық бұзушылық жасалды. Бұл – тіркелген әрбір төртінші қылмыс”. 2026 жылы 27 азамат мәжбүрлеп емдеуге жіберілсе, 78 азамат алкогольге тәуелділіктен ерікті түрде ем қабылдады.
Заң бұзушылардың тағы бір тобы – рұқсат қағазы жоқ саудагерлер және 21 жасқа толмағандарға ішімдік сататындар. Мұндайлармен де күрес жалғасуда. Соңғы нәтижемен бөлісе кетейік.
ҚЫМБАТ ҚАСЫМҒОЖИНА, Петропавл қалалық ПБ штабының бастығы:
— Лицензиясыз алкоголь өнімін өткізудің 30 фактісі анықталды. Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде 9 дерек қоғамдық тамақтану орындарында тіркелді. Олар: «Ностальжи», «Ретро», «Ермек», «Креветка», «Марка», «Вечерний город», «Камелот» дәмхана-барлары.
Заң бойынша 23:00-ден кейін алкоголь өнімін сатуға болмайды. Ал ішімдік іздеген жандар дәмхана-барлардан такси жүргізушілері арқылы алуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін тәртіп сақшылары таксопарк иелерімен кездесіпті. Егер рөлдегі тұлға талапты орындамаса, айыппұл арқалайды.

