Мамлют ауданының тұрғындарына су жаңа Ата заңдағы баптар және “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасын түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Ол үшін арнайы мобильді топтар құрылды. Олардың құрамына тәртіп сақшылары мен мемлекеттік орган өкілдері енді.
ӘЛИХАН БАЙҚАДАМОВ, Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы:
— 8 мобильдік топ құрылды. Топтарға талаптар қойылды. Қазіргі уақытта “Таза Қазақстан” концепциясы бойынша да жұмыс атқарып жатырмыз.
Конституция мәдениетті, ғылым мен білімді қолдайды. Яғни, қазақстандықтарды тонның ішкі бауындай болуға, зайырлы қоғамда өмір сүруге шақырады.
ЗӘМЗӘГҮЛ ҚАЛЕКЕН, Мамлют ауданының тұрғыны:
— Менің ойымша, “Заң мен тәртіп” – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының басты негізі. Заңның сақталуы қоғамда әділдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Айта кету қажет, осыған ұқсас кездесулер өңіріміздің өзге де аудандарында өтеді. Ұйымдастырушылар бұл бастама халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға құрметпен қарауға ықпалын тигізеді деп санайды.

