Konstitutsia banner mobile

Қоғам

“Халық бухгалтері” республикалық акциясы аяқталды

Елімізде “Халық бухгалтері” республикалық науқаны өз мәресіне жетті. Акция аясында қаңтар мен маусым айының аралығында мемлекеттік кірістер органдарының мамандары кәсіби бухгалтерлермен бірлесіп, салық төлеушілерге жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндірді. Мақсат – бизнес өкілдерін мен салық төлеушілерге салықтық міндеттемелер бойынша қолжетімді және түсінікті кеңес беру.

НАТАЛЬЯ НЕКРАСОВА, СҚО МКД түсіндіру жұмысы мен байланыс орталығы басқармасының басшысы:

— Салық төлеушілерді көбіне жеңілдетілген режимнен жалпыға бірдей белгіленген режимге көшу мәселесі мазалады. Сонымен қатар, қосылған құн салығы және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша сұрақтар көп болды. Жаңа жеңілдетілген режимге байланысты өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – такси жүргізушілері, шаштараздар, құрылысшылар мен жөндеушілер жиі жүгінді.

Акцияның белсенді қатысушыларының бірі – Лариса Кухарева. Кәсіби қызметі мен науқанға қосқан үлесі үшін ол Қаржы министрінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Маман есепшілік саласында 25 жыл бойы қызмет етіп келеді. 19 жыл бұрын өз бухгалтерлік фирмасын ашқан.

ЛАРИСА КУХАРЕВА, бухгалтерлік компанияның директоры:

— Акция туралы естігенде бірден атсалысуды ұйғардым. Материалдық пайдадан бөлек, халыққа көмектесу ниетімен қызмет еткім келді. Теріскейлік салық төлеушілерге, кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, салықтық мәселелер бойынша бағыт-бағдар беруге тырыстым. Әрине, науқан аяқталғаннан кейін мен үшін де жағымды жақтары болды. Көптеген адам алғыстарын білдірді, нәтижесінде менің клиенттік базам да кеңейе түсті.

Өткізілген акцияның нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 3 мыңға жуық салық төлеуші кеңес алған. 4 мыңға жуық сұрақ қойылып, мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.

Жаннұр Бектұрғанова