Konstitutsia banner mobile

Қоғам

Қазақстанда «сақтандырылғандар» саны артты

Қазақстанда «сақтандырылған» мәртебесіне ие адамдар саны артты. Көрсеткіштің ұлғаюына қарапайым қалта телефонының көмегі тиді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы азаматтарға push-хабарламалар жолдаған. Нәтижесінде 835 мыңнан астам отандасымыз хабарлама жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін алған. Бұл – 2026 жылғы сәуір-маусым айларының қорытындысы.