Жақында ғана заңды күшіне енген Конституция – ел тарихындағы маңызды бетбұрыстардың бірі. Оны толық жүзеге асыру үшін мемлекетіміздің барлық азаматы жұмылған жұдырықтай болуы тиіс. Бұл – Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовтың пікірі.
ЕРБОЛ ХАМИТОВ, XIV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы:
— Мен өзім спортшы ретінде елімізде орын алып жатқан оң өзгерістерді қолдаймын. Жат жердегі байрақты бәсекелерде еліміздің туын көкке желбіретіп, Қазақстанның намысын қорғап келемін. Сондай-ақ, мемлекетіміздегі маңызды шешімдерді қабылдау барысына да атсалысуға тырысамын. Бұл – әр азаматтың Отан алдындағы борышы. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мығым болса, кез келген мақсатқа жете аламыз.

