Konstitutsia banner mobile

Қоғам

Жастардың қолдауы

Жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай Петропавлдың орталық алаңында белсенді жастардың бастамасымен ауқымды флешмоб ұйымдастырылды. 40-қа жуық өрен қолдарына ту мен шар ұстап, жүрек бейнесін жасады. “Бұл – белсенді азаматтық ұстанымның көрінісі”,- дейді ұйымдастырушылар.

ЛАУРА ҚАСЕНОВА, СҚО ішкі саясат басқармасының бас маманы:

— Конституция – мемлекеттің ең басты құжаты, еліміздің кемел келешегі, жастарымыздың жарқын болашағының кепілі. Біз осындай іс-шаралар арқылы қоғам үшін ортақ құндылықтарымызды дәріптегіміз келеді және бұл біздің белсенді азаматтық ұстанымымызды білдіреді.