Konstitutsia banner mobile

СҚО әкімдігі

Патриоттық концерт

Облыс орталығында Жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай патриоттық концерт ұйымдастырылды. Өнерпаздар – қалалық Мәдениет үйінің әртістері. Талантты жандар заңдардың бәйтерегі – жаңа Ата заңды асқақтату мақсатында рухты көтерер әндер шырқады.

МҰХАММЕДӘЛИ ИСПАНОВ, қалалық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:

— Елдің дамуына, елдің алға жылжуына бірден-бір қадам осы – Ата Заң. Осы орайда қалалық Мәдениет үйі қала тұрғындары мен қонақтарына арнап екі сағаттық концерт ұйымдастырып отыр.

Патриоттық рухтағы концертті тамашалауға қалалықтар отбасылармен келді. Арасында ел болашағы – жастар да баршылық. Жаңа Ата заң – жаңа қадам – жаңа тарихи белес. Бұл түпкілікті өзгерістен қазақстандықтар игі нәтиже күтеді. Үміт зор, сенім мол.

Жаннұр Бектұрғанова