Облыста «Қауіпсіз жаз» профилактикалық акциясы жалғасуда. Бұл жолы таңдалған өткізу орны – қоғамдық көліктің іші. Полицейлер мен құтқарушылар жолаушыларға жадынама қағаздар таратып, қазіргі шуақты кезеңде қайғылы оқиғалардың алдын алуға көмектесетін қарапайым сақтық қағидаларын еске салды. Балалардың терезеден құлап кетуін болдырмау және су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұл-қыздардың қауіпсіздігі ересектердің мұқияттылығына тікелей қатысты.

