Konstitutsia banner mobile

Спорт

Қоржынға түскен қола

Жуырда Астанада 2014-2015-ші жылы дүниеге келген қыздар арасында волейболдан Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігі әр аймақтан 22 команданы жиды. Жарыста жерлестеріміз жерге қаратпады. Құттықтау қабылдаған қылықты қыздар қанжығаға қола жүлдені байлады. Бұл – алғашқы жеңістің дәмі. Осындай қадамдар күндердің бір күні чемпиондық атаққа да жеткізеді.

ЕЛЕНА ЧУМАНОВА, жаттықтырушы:

— Барлық командалар 4 топқа бөлінді. Топтық кезеңде 5 ойын өткізіп, барлығын жеңдік. Ширек финалда Алматы қаласының волейболшыларынан басым түстік. Өкінішке қарай, жартылай финалда ақтөбелік қыздарға жол бердік. Ал қола жүлде үшін павлодарлық ұжыммен тартысқа түстік. Кездесу 5 партияға созылды. Соңғы партияда 15:7 есебімен ұтып, жеңіс тойын тойладық.

Сайыста Бауыржан Тілеужановтың қызы да өнер көрсетті. Әке Астанадан ақжолтай хабар күтумен болыпты.

БАУЫРЖАН ТІЛЕУЖАНОВ, қала тұрғыны:

— “Бала бәйгеге шапса, ата-ана тақымын қысады”. Сол сияқты бізде үлкен қолдау көрсеттік. Астанаға барған ата-аналар да болды.

Алғашқы ірі жарыстан қайтқан қыздардың көзінде от байқалады. Олар дайындықты арттырмақ. Келесі жолы Петропавлға сыңғырлатып алтын жүлдемен қайтпақ ойлары бар.