Солтүстік Қазақстан облысындағы су айдынында тағы да қайғылы жағдай тіркелді. Осы жолы Есіл өзенінен кәмелеттік жасқа толмаған баланың денесі табылды. Бұл кезде жақын маңда ешкім болмаған. Әзірге жеткіншектің қалай ажал құшқаны белгісіз. Бүгінде сот-медициналық сараптама тағайындалғаны мәлім. Жауапты мамандар марқұмның шомылу кезінде батып кеткенін немесе оның өліміне біреудің қатысы бар-жоғын анықтамақ. Бейресми деректерге сүйенсек, бақилық болған бала Петропавлдағы мектептердің бірінде орта буында оқыған.

